Ел тынысы
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5,7% өсті

2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 12 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 567 көппәтерлі үй, 11 430 жеке үй және 16 жатақхана, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% өсіп, 6 021,3 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде: 3 854,7 мың ш.м. – көппәтерлі үйлер 2 126,7 мың ш.м. – жеке үйлер.
Енгізілген тұрғын үй көлемі бойынша көш бастап тұр: Астана – 1 505,4 мың ш.м. Алматы – 1 138,8 мың ш.м. Алматы облысы – 463 мың ш. м
Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең көп өсім Түркістан облысында (+25,5%), Шымкентте (+23,4%) және Алматы облысында (+20,4%) байқалды.
Тұрғын үйдің басым бөлігі – 5 663,3 мың ш.м. немесе 94,1% жеке құрылыс мекемелерімен салынған, оның ішінде 2 175,3 мың ш.м. халықтың өз күшімен.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі бес айда 15,4% өсіп, 2 001 млрд теңгені құрады. Өсім еліміздің 18 өңірінде тіркелді.