Конкур: Астанада ҚР Кубогы өтеді

20-22 маусым аралығында «Арғымақ» АССК базасында кедергілерді бағындыру (конкур) бойынша Қазақстан Республикасы кубогы өтеді. Бұл іс-шара конкурдан еліміздің мықты спортшыларының басын қосатын, әрі Қазақстанның ат спорты күнтізбесіндегі маңызды шаралардың бірі саналады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен шамамен 30 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олар екі санатта жарысып, түрлі биіктіктегі (120-ден 145 см-ге дейінгі) алты түрлі бағыттарды бағындырады.
Іс-шара Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) халықаралық стандарттарына толық сәйкес ұйымдастырылып, әділ бағалау мен жоғары деңгейдегі төрешілікті қамтамасыз етеді.
Жүлде қоры — 2 млн теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Конкур бойынша Қазақстан Республикасы кубогы – тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар елде ат спортының дамуына бағытталған маңызды алаң. Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық құрама спортшыларының шеберлігін арттыру, болашағы бар шабандоздар мен тұлпарларды анықтау және конкур жарысын кеңірек насихаттау.
Өтетін орны: Астана қ., «Арғымақ» АССК, Қарқаралы тасжолы 1.
Күндер: 2025 ж. 20-22 маусым
Басталуы: күн сайын сағ.10:00
БАҚ аккредиттеу: +7 705 185 6366, +7 777 483 9118