Сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді

Астана қаласының прокуратурасы «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Конституциялық сот шешімдерінің орындалуы мен конституциялық заңдылығын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Конституциялық Cоттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 60 нормативтік қаулысымен қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабының 2-бөлігі, 134-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасы және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларының 104-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылған.
Жоғарыда аталған нормалардың ережесіне сәйкес қаралған нормаларда жазылған және сотталғандардың әлеуметтік байланыстарын қолдауға бағытталған телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігін беру жағдайларының тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Заң сотталған адамның жазаны өтеудің қатаң жағдайларында болған, сондай-ақ жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторда ұсталған кезеңде білікті заң көмегін немесе медициналық көмек алу мақсатында телефон арқылы сөйлесу құқығын шектемейді.
Осылайша, сотталған адам заң немесе медициналық көмек алуға жүгінген жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі көрсетілген құқықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге міндетті.
Астана қаласы прокуратурасының
Басқарма аға прокуроры
Нұртас Дүйсембаев