«Бала Толағай» аймақтық сайысы өтті

Астана қаласында халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны аясында «Бала Толағай» сайысы бойынша 7-8 сынып ер балалар арасындағы аймақтық жарысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт, этно-ойындармен тұрақты шұғылдануға тарту, спортқа деген қызығушылығын арттыру және командалық рухты қалыптастыру, спорттық ізбасарларды қалыптастыру болды.
Сайысқа қатысқан командалар:
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
Қарағанды облысының Нұра ауданы, М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы;
Астана қаласының Алматы ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі;
Астана қаласының Алматы ауданы, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі;
Астана қаласының Сарыарқа ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейі;
Астана қаласының Байқоңыр ауданы, №21 орта мектебі;
Астана қаласының Байқоңыр ауданы, №23 орта мектебі;
Астана қаласының Байқоңыр ауданы, Қ.Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясы;
Астана қаласының Байқоңыр ауданы, Б.Сырттанұлы атындағы №34 орта мектебі;
Астана қаласының Ж.Ташенев атындағы №10 мектеп-гимназиясы.
Жеңімпаздар:
I дәрежелі диплом – Астана қаласының Алматы ауданы, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі;
II дәрежелі диплом – Астана қаласының Алматы ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі;
III дәрежелі диплом – Астана қаласының Байқоңыр ауданы, Б.Сырттанұлы атындағы №34 орта мектебі.
Сондай-ақ, «Желаяқ», «Күш атасы», «Мерген», «Таусоғар», «Епті» , «Үздік бапкер», «Үздік төреші» аталымдары бойынша үздіктер анықталды, қатысушыларға сертификаттар берілді.
«Бала Толағай» сайысы – жас ұрпақты спортқа баулып, олардың бойындағы патриоттық рухты арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі ретінде өз жалғасын табатын болады.