Қоғам

ТЖМ бөлімшелерінде «Таза Қазақстан» акциясы өтуде

Қазақстанның ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері мен құтқарушылары экологиялық жағдайды жақсартуға, аумақтарды абаттандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Еліміздің барлық өңірлерінде ТЖМ қызметкерлері көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізуде. Құтқарушылар, курсанттар, мемлекеттік инспекторлар және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері ағаш отырғызып, аумақты қоқыстан тазартуға атсалысып, қолайлы және экологиялық тұрғыдан таза орта қалыптастыруға үлес қосуда.

Акцияға Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының қызметкерлері мен курсанттары да белсенді қатысты. Оқу орны мен жатақхана аумағында ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Астана қаласы ТЖД қызметкерлері қайың, қарағай, терек, қарағаш және жеміс ағаштарын отырғызып, аумақты бөртегүл мен көпжылдық гүлдермен безендірді. Сенбілік барысында бөлімше аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар тұрғындармен және белсенділермен бірлесіп Өскемен қаласында экологиялық саябақ құру жұмыстарына қатысты. Жаңа жасыл аймақ қала тұрғындары мен қонақтарының демалысына арналған қоғамдық кеңістіктің бір бөлігіне айналады.

Жамбыл облысында «Қазселденқорғау» филиалының қызметкерлері санағаш, шаған, қарағаш және үйеңкі ағаштарының 100 көшетін отырғызды. Жүргізілген жұмыстар өңірдегі жасыл аймақтарды кеңейтуге және ауа сапасын жақсартуға бағытталған.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің барлық аумақтық бөлімшелерінде жаппай ағаш отырғызу шарасы өтті. Әр бөлімше іргелес аумақтарға көшет отырғызып, экологиялық эстафета мен көгалдандыру бастамаларын қолдады.

Маңғыстау облысында өткен акцияға Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев қатысты. Іс-шара барысында акцияның негізгі мақсаты қоршаған ортаны сақтау, аумақтарды тазарту және қоғам назарын экология мәселелеріне аудару екені атап өтілді.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мен инспекторлық құрамы да экологиялық бастаманы қолдап, бекітілген аумақтарға ағаш отырғызды және табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар қоршаған ортаны сақтаудағы мемлекет пен қоғамның бірлігі мен ортақ жауапкершілігін көрсетеді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырып, болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта құруға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button