Ел тынысы
Астаналық боксшы Азия чемпионы атанды
Астаналық спортшы Нұрислам Бақтыбаев Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында U15 санатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде астаналық боксшы финалда өзбекстандық Бобурмирзо Муродовпен кездесті. Нұрислам сенімді әрі шебер жұдырықтасып, қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңді.
Осылайша Нұрислам Бақтыбаев Азия чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына құрлық біріншілігінің кезекті алтын медалін салды.



