Ел тынысы
Балалар арасында волейболдан турнир өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордадағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде балалар арасында волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Турнир елордалық прокуратураның үйлестіруімен, қала әкімдігі және Астана волейбол федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Спорттық іс-шараның құрметті қонағы ретінде әлемдік деңгейдегі воркаут-спортшысы Айтым Жақыпов, «Барыс» хоккей клубының ойыншылары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Мерекеге орай балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар қонақтарға спорт кешені бойынша экскурсия ұйымдастырылды.