Қоғам

Елордалық спортшылар пара каратэден Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

Ташкент қаласында пара каратэден IV Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада 8 мемлекеттен келген 36-дан астам спортшы бақ сынасты. Аталған чемпионатта ел намысын қорғаған астаналық спортшылар «ката» бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына 5 медаль салды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Әр елден келген қарсыластар мықты дайындықпен келген. Бірақ біз де соңғы бірнеше ай бойы осы додаға тыңғылықты жаттықтық. Бұл жеңіс – бапкерлер еңбегінің және ұжымдық қолдаудың нәтижесі. Бұл медаль – елім үшін!» – деді Азия чемпионатының алтын жүлдегері Ләззат Жүсіпова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
1-орын – Ләззат Жүсіпова;
2-орын – Нұржайна Жаннетова;
3-орын – Дидар Мұхамеджанов;
3-орын – Әзиза Ибрайымова;
3-орын – Ерлан Нұрмағамбетов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button