Елорда тынысы

Оқушыларға арналған қалалық жиын

Астанада Сервис және туризм колледжінде республикалық «100 бейінді сыныптар» жобасы аясында профильді сыныптарда оқитын оқушылардың қалалық слеті өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануына көмектесу, жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің беделін көтеру, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Слетте әртүрлі бағыттар бойынша оқу кейстері, шеберлік сабақтар, интерактивті іскерлік ойындар және психологиялық-педагогикалық тренингтер ұйымдастырылды. Оқушыларға автомобиль және теміржол көлігін техникалық қызмет көрсету, тігін өндірісі, дизайн, флористика, тамақтануды ұйымдас­тыру, медицина, педагогика, ақпараттық технологиялар және басқа да салаларда білім алу мүмкіндігі ұсынылды.

Іс-шараға 400-ден астам мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, педагогтер мен кәсіпорын жетекшілері қатысты. Оқушылар WorldSkills халықаралық чемпионаты мен республикалық «TOP-100» байқауының жеңімпаздарымен, сондай-ақ кәсіпорындардың жетекші мамандарымен диалог алаңдарында кездесіп, өздері үшін пайдалы тәжірибе жинады.

Жоба «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында іске асырылуда және мектеп түлектерін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына тартуды мақсат етеді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button