Қоғам

Астанада республикалық акцияның қорытындысы шығарылады

Қазақстанда «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық челлендж-флешмоб басталды. Бұл шара Ішкі істер министрлігі жариялаған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: Полиция – заң мен тәртіптің сақшысы» аясында және Полиция күніне арналған айлық қарсаңында еліміздің барлық өңірінде, оның ішінде елордада да өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акцияның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, полицияның оң имиджін нығайту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейту.

Іс-шара қоғам назарын отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне аударуға, отбасылық қарым-қатынаста өзара құрмет пен қолдау қағидаттарын насихаттауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына деген қоғамдық сенімді арттыруға бағытталған.

Флешмобқа полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, волонтерлер, жастар және қоғам қайраткерлері қатысып жатыр.

Флешмоб 20 маусымға дейін жалғасып, қорытындысы Астанада өтеді. Қорытынды шараға танымал тұлғалар, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, депутаттар мен азаматтық сектор өкілдері қатысады.

Осыған орай, Астана қаласының Полиция департаменті қала әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс кездесуін өткізді. Онда акция аясында жүзеге асырылатын бірлескен міндеттер талқыланды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button