Қала мен сала

Алаңдар ажарлана түседі

Елорданың алғашқы құрылған ауданының бірі – Алматыда 220 мыңға жуық халық өмір сүреді. Әрине, ондағы жұрттың айтар базынасы, тілер тілегі жоқ емес. Көпшіліктің мұндай көп қалауының арасында абаттандыру жұмысы да бар. Ал аудан әкімдігі болса «Біздің мақсатымыз – әр тұрғынға қолжетімді демалу, спортпен шұғылдану және серуендеу үшін жайлы және заманауи орта қалыптастыру» дейді.

Биыл аудандағы Қ.Мұңайт­пасов көшесі, М.Жұмабаев даң­­ғылы, Керегетас көшесі учаскесіндегі алаң, көпір асты кеңістігі (Триатлон паркі), Қ.Рысқұлбеков көшесі, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаң, Абылай хан даңғылындағы Күйшілер аллеясы, Келес көшесіндегі алаң аумағында ауқымды жұмыс жүрмек.

«Бұл аумақтарда балалар ойын алаңы және спорт алаңы, жаңадан жаяу жүргіншілер жолы мен автотұрақ алаңдары бар жол салынады. Тірек қабырғалары орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы ауыстырылады. Көлеңкелі шатырлар, жарықтандыру бағаналары, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату және т. б. жұмыс­тар жүргізіледі. Екіншіден, әрбір жобада көгалдандыруға ерекше назар аударылмақ. Ауданымызды қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз көгалды алқапқа айналдыру үшін ағаш отырғызу және қосымша жасыл аймақ құру мәселесін мұқият қарастырамыз. Сондай-ақ көгалдандыру орындарына жаңа тротуарлар жоспарланып отыр, бұл жұртшылықтың серуендеуіне үлкен мүмкіндік бермек» дейді Алматы ауданы әкімдігі абаттандыру бөлімінің басшысы Данияр Қожахметов.

Сонымен қатар осы жобалар ішінде жаяу жүргіншілер жолының барлық учаскеде қозғалуына ыңғайлы болу үшін ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған пандустар салынбақ.

«Қазір бізде қосымша бір­қатар абаттандыру учаскесі жобаланып отыр. Жалпы айтылған өзгерістер тұрғындардың Алматы ауданында жайлы өмір сүруін қамтиды» дейді Д.Қожахметов.

Ержан ҚОЖАС

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button