Қоғам

Жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша кездесу өтті

Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласы үздіксіз дамып, заманауи талаптарға сай жаңғыру үстінде. Бұл саладағы басты міндеттердің бірі – жастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың қабілеті мен күш-жігерін ел дамуына бағыттау. Жастардың мемлекет ісіне белсене араласуы – қоғамның тұрақты дамуының негізгі тетіктерінің бірі.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында жыл сайын жоғары оқу орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сәуір айының 23 жұлдызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге 200-ге жуық бітіруші түлектер, магистранттар, докторанттар қатысты.
Кездесу барысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарын GPA – 3.33 – тен кем емес оқу нәтижесімен аяқтаған бітірушілер бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, облыс, аудан, ауылдық деңгейде орналасуға мүмкіндігі бар екендігі және мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жобасы арқылы қалай тест тапсыра алатындығы жөнінде түсіндірілді. Оған қоса, студенттерге нұсқаулық та таратылды. Шара соңында қатысушылар уәкілетті орган өкілдеріне сұрақ қойып, сәйкесінше, жауаптарын алды.

Айта кетейік, жастар – мемлекеттің қозғаушы күші. Оларды мемлекеттік қызметке тарту арқылы елімізде сапалы кадрлық резерв қалыптастырып, заманауи және тиімді басқару жүйесін құруға мүмкіндік аламыз. Бұл жолда мемлекет пен қоғам бірлесіп әрекет етсе, нәтижесі де жемісті болмақ.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button