Руханият

Астанада «Серпер» ұлттық өнер байқауы қорытындыланды

2025 жылдың 20 сәуірінде «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында I Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Байқау ұлттық өнерді ұлықтап, жас таланттарды анықтап, төл өнерді дәріптеуге бағытталған. Өнер додасына 6 номинация бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміткерден өтінім қабылданды.

Байқаудың бірінші кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың бейнематериалдары іріктеліп, 42 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды. Үміткерлер қазылар алқасының алдында өнер көрсетіп, өз шеберліктерін паш етті. Қазылар шешімімен әр номинация бойынша жүзден жүйрік шыққан жастар Гала-концерт аясында марапатталды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
«Домбыра» номинациясы бойынша 1 орынды Айшолпан Қасымова жеңіп алса, 2 орынды Ақбөкен Темір, ал 3 орынды Мейірбек Әзімбаев иеленді. Орындаушылық шеберлігі үшін Нұрғиса Тілендиев атындағы арнайы диплом Нұрдәулет Сағатбекке табысталды.

«Қобыз» номинациясы бойынша 1 орынды Айгерим Ахметжанова,
2 орынды Анарбек Мырзабай, 3 орынды Жалғас Нұрашев жеңіп алды.

«Сыбызғы» номинациясында 1 орынды Аслан Гумаров иеленсе, 2 орын Асқат Сағатқа, 3 орын Ерлан Садуға берілді.

«Шертер» номинациясы бойынша Уали Мұратқазин – 1 орын, Ерік Шамшиден 2 орын, Тұрар Жарылхапов 3 орынды иеленді.

Сонымен қатар халық күйлерін шебер орындағаны үшін Жарқын Шәкәрім атындағы арнайы дипломды Арон Жұбанғалиев жеңіп алды.

«Жетіген» номинациясы бойынша 1 орынды Әйгерім Караменова, 2 орынды Данагүл Гинаятова,
3 орынды Акжүніс Мырзагелдина жеңіп алды.
Ал халық әндерін жетіген аспабына шебер өңдегені үшін Болат Сарыбаев атындағы арнайы диплом Назерке Темірбековаға табысталды.

«Прима қобыз» номинациясында Ажар Хуан – 1 орын, Гүлдара Нариман – 2 орын, Алина Ауесхан – 3 иеленді. Меруерт Кәленбаева атындағы арнайы диплом Нұрайлым Әбдіге табысталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button