ТОП-5: Қазақстанның туристік өңірі

2024 жылы еліміздегі қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындарының қызметін 9,1 миллионнан астам турист пайдаланған. Көрсетілген қызмет көлемі 300 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Назарларыңызға туристерді ең көп қабылдаған еліміздің ТОП-5 өңірін ұсынамыз.
5-орын — Алматы облысы
2024 жылы Алматы облысына 507,5 мың саяхатшы келген. Қазіргі таңда өңір ішкі туризм бағытында сұранысқа ие орындардың бірі саналады.
4-орын — Шымкент
2024 жылдың қорытындысы бойынша Шымкентке 508 мың турист саяхаттаған. Қала еліміздің тұрақты туристік орталықтарының қатарына кіреді.
3-орын — Ақмола облысы
Бурабай курорттық өңірі мен өлкенің көркем табиғатын 2024 жылы 533 мың турист тамашалаған. Ақмола облысы ішкі туризм пен экотуризмнің ірі орталығы саналады.
2-орын — Астана
Елорданың іскерлік және оқиғалық туризм әлеуеті жылдан жылға артып келеді. 2024 жылы Астанаға 1,5 млн турист келген.
1-орын — Алматы
Алматы қаласы тағы да туристер арасында ең танымал бағыт ретінде танылды. Қаланың инфрақұрылымы, тау шаңғы курорттары, қолайлы климаты мен табиғаттың әсем үйлесімі мегаполиске 2,3 миллион қонақты тартты.