Мәдениет

Әріптесіміз бәйге алды

Ақын-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделханұлының 50 жасқа толуына арналған «Мен бәріңмен біргемін!» атты әдеби-шығармашылық кеші аясында өткен «Уақыт жүрегі» республикалық ашық жыр мүшәйрасында астаналық ақын, «Astana aqshamy» газетінің тілшісі Шапағат Әбдір жүлделі 2-орынды иеленді.

Өнердегі жолын айтыспен ашып, кейін жазба поэзияға ынтасымен берілген ол айтулы ақын Есенғали Раушановтан бата алды, көрнекті жазушы Төлен Әбдіктен отты өлеңдері үшін жылы лебіз естіді. Жоғарыдағы мүшәйраның қазылар алқасы – қабырғалы қаламгерлер: Ғалым Жайлыбай, Маралтай Райымбекұлы, Жарас Сәрсектің жоғары бағасын алды. Өлеңдері жүрек қылын тербейтін нәзік те мағыналы философиялық ойлармен өріліп, ұлттық құндылықтар мен тарихи-тағылымдық ұстанымдармен ұштасып жататын ол сонау студент кезінде-ақ «Алдай көрме сен мені» атты жыр жинағымен оқырман назарын аударған болатын. Содан бері өлең сүйген, өнерді құрметтеген халықтың ықыласынан түспей келе жатқан ол 2021 жылғы «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Журналистика саласында да Шапағат қазақтың салт-дәстүрлері мен мәдениеті туралы мақалалар жазып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосып жүр. Әріптесімізді жыр бәйгесіндегі жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button