Жыл басынан бері 215 заңсыз полигон жойылды
Астана қаласында Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы аясында жыл басынан бері 215 заңсыз полигон жойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Елордада стихиялық полигондармен күрес тұрақты түрде жүргізілуде.
Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 150 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды.
Елорданың әрбір ауданында күн сайын рұқсат етілмеген полигондардың болуына мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері қала және оған іргелес аумақ бойынша 215 учаске жойылып, 150 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Мысалы, Алматы ауданы бойынша 115 учаске жойылып, 53,4 мың тонна қоқыс шығарылды (7 628 рейс).
Байқоңыр ауданында 10 учаске жойылып, 8 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Есіл ауданы бойынша 18 орын жойылып, 19 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Сарыарқа ауданы бойынша 35 стихиялық қоқыс тастайтын орын анықталып, 33,5 мың тонна қоқыс шығарылды. Жұмыс жалғасуда.
Нұра ауданынан жойылған 37 орыннан 36 мың тонна қоқыс шығарылды.
Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою үшін қалалық ҚТҚ полигонының жанында уақытша алаң белгіленді, ол Алаш, 64 тасжолы мекенжайында орналасқан.
IKomek арқылы құрылыс алаңдарынан қоқысты шығару және белгіленбеген орындарға шығару фактілері анықталады, құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Жыл басынан бері жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 9 мыңға жуық құқық бұзушы анықталды, оларға 136 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Сонымен қатар, қоқысты рұқсатсыз төккені үшін 161 жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн 200 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Заңсыз полигондарды жою жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізілуде.
Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жүргізілуде.
Сонымен қатар, елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.