Құқық

Зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді

Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Сарыарқа ауданы әкімдігі аппаратымен бірлесіп, аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ауқымды ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Кездесудің негізгі мақсаты – зейнеткерлерді қаржы пирамидаларын тану тәсілдеріне үйрету және интернет-алаяқтардан қорғану жолдарын түсіндіру. Егде жастағы азаматтар экономикалық қылмыстарға жиі алданатын осал топтардың бірі болғандықтан, алдын алу жұмыстары құқық қорғау органдары қызметінің басты бағыттарының бірі саналады.

Кездесу барысында ведомство өкілдері жоғары табыс уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға алданбау үшін қаржы пирамидаларының белгілерін; банк есепшоттарын телефон және интернет-алаяқтардан қорғауға арналған цифрлық гигиена негіздерін; күмәнді қаржылық ұсыныстарға тап болған жағдайда қайда жүгіну керектігін жан-жақты түсіндірді.

Кездесу форматы ардагерлерге Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері мен аудан әкімдігі өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік берді.

Қатысушыларға жинақты қауіпсіз сақтау тәсілдері мен төлем карталарын пайдалану ережелері бойынша практикалық кеңестер берілді.

«Заңдылық пен құқықтық тәртіп әр азаматтың хабардар болуынан басталады. Біздің міндетіміз – ардагерлерге қаражатын және тыныштығын сақтауға көмектесетін білім беру», – деп атап өтті Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері.

Мұндай түсіндіру шаралары елорданың барлық ауданында жүйелі түрде өткізіліп келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button