Прокурорлар елордалық студенттерге профилактикалық дәріс өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Астана қаласының прокуратурасы Құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында студенттерге буллингтің алдын алу, психоактивті заттарға, құмар ойындарға және әлеуметтік желілерге тәуелділікті қоса алғанда, аддиктивті мінез-құлыққа жол бермеу мәселелері, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауаптылық нормалары түсіндірілді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық орындарда және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын ұстану, жастар арасында заңға бағынушылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ашық диалог форматында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша практикалық ұсынымдар алды.
Іс-шараға 100-ден астам студент қатысты. Аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.



