Құқық

II Халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды

II Халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды. Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:

1. «Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі»

2. «Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар»

3. «Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады»

Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.

     Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru

Қатысу талаптары:

Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;

Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;

Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;

Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button