«Заң мен тәртіп»: елордалық прокуратура оқушыларға профилактикалық дәріс өткізді

Астана қаласының №99 орта мектебінде прокуратура қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидалары, қолданыстағы заңнама нормалары, сондай-ақ жастар арасында кең таралған құқық бұзушылықтар, оның ішінде алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер үшін көзделген заңды жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және жасөспірімдерді қылмыстық схемаларға тартуға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, прокуратура қызметкерлерінен толыққанды түсіндірмелер алды.
Профилактикалық жұмыспен 9-11 сыныптардың 100-ден астам оқушысы қамтылды.
Астана қаласының прокуратурасы мұндай іс-шараларды өткізу кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, заңға құрмет қалыптастыру және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.



