Құқық

Елордалық прокурорлар подкастқа қатысып, есірткі бойынша құқықтық жауапкершілікті түсіндірді

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері Жанагүл Дарыбаева мен Ақжол Сәтілда «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбындағы подкастқа қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz елордалық прокуратураға сілтеме жасап.
Кездесу барысында есірткі тұтынудың алдын алу, тәуелділіктің қалыптасу себептері, есірткі құралдарын қолдану мен таратудың құқықтық салдары, сондай-ақ жастар арасындағы есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған шаралар талқыланды.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін жауапкершілік, медициналық куәландыру нәтижелері бойынша есепке қою тәртібі, сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің әлеуметтік және құқықтық теріс салдары мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Подкаст қатысушыларына қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Осындай іс-шараларды өткізу қоғамда есірткі тұтынуға тұрақты түрде төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Астана қаласының прокуратурасы есірткі қылмысының профилактикасы және қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button