Мәдениет

Ұлттық әуендер әуеледі

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның халық әні бөлімі «Әнші сыры» концертін ұсынды.

Концерт бағдарламасында қазақтың халық әндері мен дәстүрлі музыка өнерінің мұрасы салтанат құрды. Кештің басты мақсаты – ұлттық музыкалық мұрамызды кеңінен насихаттау және халық өнерінің баға жетпес асыл қазыналарын дәріптеу болды.

Биыл көрнекті композитор, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл болғандықтан, кеш оның ұлы Абайдың өлеңіне жазылған «Домбыраға қол соқпа» әнімен ашылды. Бұл туындыны аталмыш бөлімнің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Секен Сыздық орындады.

Кеш барысында халық әндері, халық композиторларының туындылары, кешегі және бүгінгі көрнекті композиторларының туындылары әуеледі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзира Бөкейхан, Гүлмира Сарина, Айгүл Қосанова, Мәдениет саласының үздіктері Нұрай Танабаев, Берік Омаров, Тельман Нұркенов өнер көрсетті. «Сарыарқа» халық музыка ансамблі Мағауия Хамзиннің «Қосбасар», Қайрақбайдың «Телқоңыр», Қыз­дарбектің «Мұңқосбасар» күйлерін күмбірлетті.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button