Ел тынысы

Жас журналистер марапатталды

Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Фараби Лэнд» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ай Бала» медиафестивалінің «Жас журналист» байқауының қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқауға 300-ге жуық жас үміткер қатысып, журналистика саласында өз бақтарын сынады. Шешуші кезең олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Бір күн бойы жалғасқан байқау кешкілік концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Байқау нәтижесінде үздіктер анықталып, оларға дипломдар тапсырылды.

Атап айтарлығы, байқаудың қазылар алқасының құрамында арнайы педагогтармен қатар PR менеджерлер, журналистер, SMM мамандары және полиция қызметкерлері болды. Олар қатысушылардың жұмыстарын жан-жақты бағалады. Қазылар қатарында полиция қызметкерлерінің болуы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл жағдайды қазылар тілшілердің күнделікті қызметінде құқық қорғау органдарымен тығым қарым-қатынаста болатынымен түсіндірді.

Осы жиынды жүргізуші ретінде тек ресми форматпен шектелмей, қатысушылармен еркін диалог орнатуға басымдық бердім. Сұрақ-жауап арқылы олар ой-пікірлерін ашық айтып, сахнада шынайы атмосфера қалыптасты. Бұл байқау өзіме үлкен тәжірибе мен жаңа мүмкіндік болғанын айту ләзім. Ал байқауға қатысқан бір бала: «Бұл сайыс мен үшін әсерлі, мазмұнды болды. Көп тәжірибе жинадым. Өзімді қолдап келген ата-анама, бауырларыма ризалышығым шексіз» деп өз ойымен бөлісті. Осы жиыннан кейін көптеген балалардың журналистикаға қызығушылығы артып, тамаша әсермен шыққаны сөзсіз.

Ерсұлтан Жұмабаев,
Астана қаласындағы №29 орта мектебінің 10 сынып оқушысы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button