Құқық

Сот төрағалары мен прокурорлар мектеп оқушыларына дәріс оқуда

Астанада мектеп оқушыларына буллинг пен кибербуллингтің қаупін түсіндіруге бағытталған жаңа форматтағы құқықтық сабақтар күшейтіліп жатыр. №100 мектепте өткен кездесуде тәжірибелі мамандар жасөспірімдерге заң талаптарын нақты мысалдар арқылы жеткізді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы бұл бастама оқушылардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға жол ашпақ, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дөңгелек үстел «Мектептегі буллинг және кибербуллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыбында өткізіліп, оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және жеке қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді. Сабақ барысында нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, буллингтің түрлері мен салдары талқыланды.

Аталған іс-шара ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» жобасы аясында өтті. Жоба аясында 7-10 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттеріне арналған сабақтар бекітілген кесте бойынша өткізіліп келеді.

Оларды құқық қорғау органдарының ардагерлері мен тәжірибелі мамандар жүргізуде.

«Бұл бастама осы тоқсаннан бастап Астананың бірқатар мектебі мен колледжінде жүзеге асырылып жатыр.

Бүгінде жоба аясында сабақтарды ардагер прокурорлар мен полиция қызметкерлері арнайы тәлімгер ретінде жүргізуде. Бұл – оқушыларға құқықтық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып жеткізудің тиімді жолы. Аталған бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауқымы кеңейеді деп сенеміз.

Қазіргі кезде «Заң мен тәртіп» қағидаты қарқынды түрде іске асырылып жатыр. Сонымен қатар бұл жоба балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг секілді құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған», – деді Астана қаласы әкімдігінің Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Қайроллаев.

Айта кету керек, жоба «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Оның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын нығайту.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button