Мәдениет

Симфониялық музыка салтанаты

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында өнер ұжымының симфониялық оркестрі (көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, бас дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Қалқаман Дүйсембаев) «Симфониялық телепортациялар. Вена» атты концерт ұсынды.

Концерт бағдарламасында В.А.Моцарттың «Фигароның үйленуі» және «Дон Жуан» операларынан речитативтер мен ариялар, Иоганн Штраус, Йозеф Штраус, Йозеф Ланнер, Карл Михаэль Цирер сынды композиторлардың туындылары, И.Штраустың «Жарқанат» опереттасынан Аделинің ария­лары, Франц фон Зуппенің «Тамаша Галатея» опереттасының увертюрасы, Ф.Шуберттің №5 симфониясы жапон дирижері Коки Гонгуй Янгтың жетекшілігімен орындалды. Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыргөзов пен Бибігүл Жанұзақ, халықаралық және республикалық байқау­лардың лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Алтынбек Әбілда, халықаралық байқау­лардың лауреаттары Фируза Рахметова мен Эльмира Шпекпаева өнер көрсетті.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button