«Шапшаң бөбек» сайысы өтті

Елордада Президент саябағында 1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай «Шапшаң бөбек» мерекелік жарысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл іс-шара Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
Бөбектер сайысы екі деңгейге бөлінді. Біріншісі 6-9 ай аралығын қамтыса, екіншісі 9-14 ай аралығын қамтылды.

Мерекелік іс-шараға ата-аналар, балалар, қала тұрғындары қатысып, тамашалады.
Астана қаласы Сарайшық ауданы әлеуметтік сала басшысы Гүлнұр Қарашева пікір білдірді.
– Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай, кішкентай қатысушыларға арналған ерекше әрі көңілді іс-шаралар өткізілді. Басты мақсаты – отбаслық құндылықтарды насихаттау, балалар арасындағы байланысты нығайту. Балалар өзінің шапшаңдығымен, тәтті қылығымен көрермендерге айрықша көңіл-күй сыйлады, – деді ол.



