Ел тынысы

“Шахматшы қонжықтың” тұсауы кесілді

 Астанада «Шахматшы қонжық» кітабының ресми тұсаукесері өтті. Шахмат арқылы зияткерлік дамуға бағытталған жаңа жоба Ұлттық академиялық кітапханада өтті.

«Тәтті ертегі» жобасы аясында жарық көрген «Шахматшы қонжық» балалар кітабының ресми тұсаукесеріне педагогтер, ата-аналар, кітапхана өкілдері, білім беру саласының мамандары және жас оқырмандар қатысты. Кездесу барысында жобаның тұжырымдамасы, оның мақсат-міндеттері және қазақ тіліндегі сапалы балалар әдебиетінің заманауи үлгісін қалыптастыруға бағытталған мазмұндық ұстанымы таныстырылды.

Жоба аясында жарық көрген алғашқы туынды – «Шахматшы Қонжық» поэтикалық ертегісі – 4-12 жас аралығындағы балалардың тілін дамытуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, эмоциялық мәдениеті мен құндылықтарын орнықтыруға бағытталған шығарма ретінде ұсынылды. Кітаптың құрылымы оқу мәдениетін, ойын мен ойлауды өзара сабақтастыра отырып, зияткер ұрпақ қалыптастыру идеясына негізделгені атап өтілді.

Жоба авторлары шахмат тақырыбын тек спорттық бағытта емес, баланың стратегиялық ойлауын, шыдамдылығын, жауапкершілігін және шешім қабылдау дағдыларын дамытатын мазмұндық құрал ретінде қарастыратынын жеткізді. Қатысушылар тарапынан жобаға жоғары қызығушылық білдіріліп, ата-аналар мен мамандар қазақ тіліндегі осындай сапалы, тәрбиелік және зияткерлік әлеуеті жоғары әдебиеттердің маңызын ерекше атап өтті.

Шара қорытындысында қатысушылар кітаптың мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарда, қосымша білім беру бағдарламаларында қолдануға әлеуеті жоғары екенін атап өтті. «Шахматшы қонжық» жобасы балалар әдебиетінде зияткерлік бағытты күшейтуге және оқу мәдениетін жаңа мазмұнмен толықтыруға үлес қосатын бастама ретінде бағаланды.

Жобаның жүзеге асуына Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Астана қалалық филиалы қоғамдық-идеялық серіктес ретінде қолдау білдірді. Əдістемелік жəне халықаралық даму бағыты бойынша институционалдық серіктес – Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясы. Жобаның əлеуметтік бастамаларына «Тəп-тəтті» кондитерлік желісі демеушілік қолдау көрсетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button