Ел тынысы

«Samruk Alaman» турнирі еліміздің 12 өңірінде өтеді

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры 10 жылдық мерейтойы аясында «Samruk Alaman» ауқымды спорт додасын өткізбек. Мамыр айында турнирлер еліміздің бес өңірінде жалауын көтеріп, кейін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы салған Қазақстандағы 19 спорт нысанының барлығын қамтиды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алғашқы кезеңдегі жарыстар Қызылорда мен Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Жаңа Өмір (Батыс Қазақстан облысы), Айтей (Алматы облысы) және Қажымұқан (Ақмола облысы) ауылдық округтерінде өтеді.

Шамамен 1000 жас спортшы «Samruk Alaman» кубогы үшін бес спорт түрінен, атап айтқанда, үстел теннисі, дзюдо, волейбол,  футбол ойынында бақ сынайды. Бұл жарыстар кәсіби талаптарға толық сай келетін заманауи спорт кешендерінде ұйымдастырылады.

Бүгінде қор салған спорт кешендері бұқаралық спортты дамытудың берік тірегіне айналды. «Samruk-Kazyna Trust» 10 жыл ішінде 434 әлеуметтік жобаны жүзеге асырса,  соның ішінде 12 өңірде 750 мың адамды қамтитын 19 спорт нысаны бой көтерді. Бұл нысандар қала тұрғындары үшін де, ауыл жастары үшін де маңызды спорт және қоғамдық орталықтарға айналып отыр.

Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары бұдан былай да жалғаса бермек. Биыл тағы төрт көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталды. Сонымен қатар инклюзивті орта қалыптастыруға басымдық беріліп,  ерекше қажеттілігі бар спортшыларға арналған арнайы орталықтар ашылмақ.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button