Қазақстан халқы тілдер күні мерекесін атап өтті
Әділет министрлігі Қазақстан халқы тілдер күні мерекесін атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Әділет министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында арнайы байқау өткізді.
Байқауға Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары әділет департаменттері қатысып, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен рухани мұрасын насихаттау бойынша сайыс өткізді.
Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері және басқа аумақтық әділет департаменттері қызметкерлері ZOOM платформасы арқылы қатысып, сайыскерлерге қолдау білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын — Абай облысы,
2 орын — Ұлытау облысы,
3 орын — Жетісу облысы әділет департаменті иеленді.
Мерекелік іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының «Күз», «Әсемпаз болма әрнеге», «Есіңде бар ма жас күнің?» атты өлеңдері, «6-шы,
19-шы, 31-шы қара сөздері» жатқа оқылып, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдері шырқалды.