Құқық

Прокурорлар елордада пробация есебінде тұрғандарға қолдау шараларын түсіндірді

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы қала прокуратурасының бастамасымен «Жаңа мүмкіндік» жобасы аясында Алматы және Сарайшық аудандары Мансап орталықтарының филиалдарында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін түсіндіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.

Кездесудің негізгі мақсаты қиын жағдайға тап болған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы жұмысқа орналасу мәселелері түсіндіріліп, сұранысқа ие бос жұмыс орындары, кәсіптік оқудан өту және әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Әлеуметтік оңалту, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға бағынатын өмір салтына тұрақты мотивация қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Астана қаласының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге және олардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button