Құқық

Астанада «Smart Saryarka» жобасы іске қосылды

Астана қаласының «Сарыарқа» ауданында қала прокуратурасының үйлестіруімен аудан әкімдігі, «Astana Innovations» АҚ, «iKomek 109» қызметі және полиция органдарының қатысуымен «Smart Saryarka» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жоба құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін бейнеаналитика жүйесімен(VMS) жабдықталған интеллектуалды бейнебақылау камераларын пайдалануға негізделген. Аталған жүйе вандализм, төбелес, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, қоқыс тастау фактілерін, сондай-ақ іздеудежүрген тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді. Ақпарат жедел түрде «iKomek 109» орталығына және құқық қорғау органдарына шара қабылдау үшін жолданады.

Камералар азаматтар көп жиналатын орындарға, оның ішінде Есіл өзенінің жағалауына, «Көктал» саябағына, сауда-ойын-сауық орталықтарына және базарларға орнатылған. Жабдықтардың бір бөлігі Астана қаласы Полиция департаментінің Жеделбасқару орталығының базаларымен біріктіріліп, тұлғаны тану функциясымен жабдықталған.

Биылғы жылдың 8 сәуірінен бастап ауданда «Қызыл квадрат» профилактикалық рейдтері жүргізілуде. Бейнеаналитика жүйесінің жұмысы мен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде полиция органдары тарапынан 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.

Жобаны іске асыру қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындар арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button