Әлеумет

Елордада «Ардагерлер ұйымы» бірлестігінің XI съезі өтті

Елордада бес жылда бір рет өткізілетін «Ардагерлер ұйымы« республикалық қоғамдық бірлестігінің XI кезекті съезі өтті. Ісшараға еліміздің барлық өңірлерінен 120 делегат қатысты, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz.

Съезд басталар алдында қонақтар мен қатысушылар үшін сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Алматы, Сарайшық және Сарыарқа аудандары қатысты. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шығармашылық үйірме жетекшілері Айгүл Еркінқызы, Жібек Серікқызы және Қыдыркүл Орымбайқызы өз қатысушыларымен бірге қолөнер туындыларын ұсынды. Көрмеге дайындық жұмыстары бір ай бойы жүргізілді.

Көрмеде тоқыма тоқу, папье-маше, ниткография, бисермен тоқу және кілем кестелеу бағытындағы жұмыстар қойылды. Әрбір бұйым қатысушылардың шеберлігі мен шығармашылық ізденісін көрсетті. Әсіресе ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Кілем тоқу», «Ұршық үйіру» үйірмелері мен «Әжелер 80+» клубы да белсенді жұмыс істейді. Бұл бағыттар аға буын өкілдерінің ұлттық қолөнерді сақтап, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Съезд барысында Орталық кеңестің атқарған жұмысы туралы есеп пен ардагерлер қозғалысын одан әрі дамыту міндеттері қаралды. Баяндамамен Орталық кеңес төрағасының міндетін атқарушы А.Б. Тасбулатов сөз сөйледі.

Съезд қорытындысы бойынша Орталық кеңестің жаңа құрамы, Тексеру комиссиясы және ТМД ардагерлер ұйымдарының халықаралық одағының X съезіне делегаттар сайланды. Орталық кеңестің төрағасы болып Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы бірауыздан сайланды.

Съезден кейін ұйымдастыру пленумы өтіп, төрағаның бірінші орынбасары болып Тасбулатов Абай Бөлекпайұлы сайланды.

Іс-шара аға буын өкілдерін, қоғам белсенділерін және шығармашылық ұжымдарды бір арнаға тоғыстырған жылы әрі салтанатты жағдайда өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button