Әлеумет

«Өзіңнен баста» жобасының жаңа маусымы ресми түрде басталды

Астанада жыл сайын өткізілетін «Өзіңнен баста» әлеуметтік-спорттық жобасының жаңа маусымы ресми түрде ашылды. Жобаның мақсаты – салауатты өмір салтын қаланың әрбір тұрғыны мен қонағы үшін қолжетімді ету, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жобаның салтанатты ашылу рәсімі «Арқар» көпірінің астындағы Триатлон паркінде өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба толықтай әлеуметтік бағытта жүзеге асырылады. Ашық аспан астындағы жаттығулар жасына, дене дайындығы деңгейіне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген ниет білдірушілер үшін тегін өткізіледі. Спорттық марафон тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Биыл жоба ауқымы едәуір кеңейтілді. Енді спорттық қозғалыс елорданың жаңа аудандарын да қамтиды.

«Достар, биыл сіздер үшін екі орында таза ауада тегін жаттығулар өткіземіз. Бірінші локация – көпшілікке жақсы таныс Триатлон паркі. Соңғы төрт жыл бойы дәл осы жерде ниет білдіргендерді тегін жаттықтырып келеміз. Осы уақытқа дейін біздің жаттығуларымызға 15 мыңнан астам адам қатысты. Бүгін біз Астана қаласындағы екінші локацияны – Ботаникалық бақты ресми түрде ашып отырмыз. Жаңа локация – елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа мүмкіндіктер», – деді Астана күрес федерациясының вице-президенті Василий Тахтай.

Ол сондай-ақ бұқаралық спортты қаланың негізгі алаңдарында дамытуға көрсеткен жан-жақты қолдауы үшін елорда әкімдігіне ерекше алғысын білдірді.

«Өзіңнен баста» жобасы бүгінде елорданың жаз мезгіліндегі басты бастамаларының біріне айналды. Қала тұрғындары оны кәсіби жаттықтырушылар құрамы, достық атмосферасы және спорттық бағыттардың сан түрлілігі үшін жоғары бағалайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button