Сан ғасырға ұласқан мемлекеттігіміздің лайықты белесі

Сан ғасырға ұласқан мемлекеттігіміздің лайықты белесі
фото: жеке мұрағатынан

Осыдан отыз алты жыл бұрын Кеңес Одағының іргесі сөгілмей тұрып, еліміздің егемендігі туралы тарихи құжат қабылданды. Бұл кейіннен Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашты. Егемендік декларациясының әрбір сөйлемі үлкен талқылаудан өтіп, мемлекетшіл аға буынның қажырлы еңбегінің арқасында қабылданғанын көзі қарақты жандар жақсы біледі.

Бұл құжаттың қабылдануы сан ғасырға ұласқан мемлекеттігіміздің лайықты белесі деп білемін. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің ашылу жиынында сөйлеген сөзінде өткенге мұңмен емес, оптимистік тұрғыдан қарайтын көзқарас қалыптастыру мәселесін көтерді. Ол «Қазақ қилы замандардан қайыспай өткен, өр рухын жықпаған, қайсар, жігерлі ұлт болған. Біз ата дәстүрімізді, асыл дінімізді, ана тілімізді, бірегей болмысымызды сақтай отырып, жаңашылдыққа, жасампаздыққа ұмтылуымыз қажет» деген болатын.

Ұлт болып ұйысу мен мемлекеттің іргесін нығайту жолында ғылымның игілігін пайдалану бүгінгі заман талабы және келешегін ойлаған кез келген елдің алдында тұрған маңызды шарт. Әлем қым-қуыт шақта егемен еліміздің бүгіні мен ертеңін жарқын етуге күш салуымыз қажет. Мемлекет адамдардан құралады. Сондықтан адам капиталын дамыту жолындағы егемен еліміздің аспаны ашық, берекесі баянды болсын!

Сәкен Есіркеп, 

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы