Отаншыл ұрпақ – мемлекет тірегі

Отаншыл ұрпақ – мемлекет тірегі
фото: жеке мұрағатынан

Жанымызға жігер, бойымызға ұлттық рух беретін 25 қазан - Республика күні ұлттық мерекесінің мәні мен маңызы бәрінен биік, қастерлі. Тарихы тасқа қашаған  қасиетті күні - мемлекетіміздің іртасы қалып, болашақ биік мақсаттары айқындалды. Республика күні – жай ғана күнтізбедегі қызыл күн емес, бұл – ұлттық рухтың, бейбітшілік пен бірліктің символы.

Республика күні  мерекесінің мәні – өткен тарихқа құрмет көрсету, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін білу және болашаққа сеніммен қарау. Әрбір азамат бұл күні өз елінің өткен жолына көз жүгіртіп, отансүйгіштік сезімін еселей түседі.

Қазіргі таңда Қазақстан – әлем таныған, ішкі тұрақтылығы мен ынтымағы жарасқан қуатты мемлекет. Республикамыздың басты байлығы – оның бірлігі бекем халқы. Әрбір қазақстандықтың адал еңбегі, оқудағы озық жетістіктері мен елге деген сүйіспеншілігі ортақ Отанымыздың тұғырын биіктете түспек.

Республика күні ұлттық мерекесінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы орасан зор. Білім беру ошақтарында бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсімдердің өткізілуі – жай ғана ресми шара емес. Бұл – өсіп келе жатқан бүлдіршіндер мен мектеп түлектерінің санасына отансүйгіштік қасиетті сіңіретін, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін қастерлі сәт.

«Адал азамат, Адал еңбек, адал табысқа» негізделген,  жалпы қазақстан халқының ынтымағы мен береке-бірлігін нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған тәрбиелік мәні айрықша шаралар білім беру ұйымдарының тәрибе бағдарларында күн сайын дерлік жүзеге асырылып отырады.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың биылғы тамыз кеңесінде: «Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі», – деген сөзі, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақты тәрбиелудегі ұстаздар еңбегіне берілген ең жоға баға  деп білеміз.

 Мемлекет басшының тапсырмасын арқау еткен «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының  атқарар жүгі ауқымды. Бағдарлама аясында еңбек тәрбиесі, отаншылдық, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты ұлтық тәрбиенің құндылықтарын негізге алған көптеген іс шаралар кезең-кезеңмен жүзеге асып отырады. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі – ел тағдыры.

 «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Таза қазақстан» экологияның жобасы түпкі мақсаты, туған жерін көзінің қарашығындай сақтайтын, адамдарға деген құрмет пен адамгершілік құндылықтарын бәрінен биік қоятын, сапалы ұлт қалыптастыру.

Қазақстан атты ортақ Отанымыздың мерейін асқақ ету, әр азаматтың парызы. Бұл жолда педагогтердің үлесі де айрықша екенін айта кеткеніміз жөн.   Мерейлі мерекеміз құтты болсын.

Сындар Дауешова,

Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының басшысы