Балабақша бүлдіршіндері Республика күніне ән арнады

Балабақша бүлдіршіндері Республика күніне ән арнады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы №93 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері 25 қазан – Республика күніне орай патриоттық ән орындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мерекеге арналған ән арқылы бүлдіршіндер туған жерге деген сүйіспеншілігін, Отанға деген құрметін жеткізді. Балабақшада балаларды жастайынан отансүйгіштікке тәрбиелеуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді. Республика күніне арналған бұл бастама да бүлдіршіндердің бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.