Әлеумет

SUPER ӘКЕ & SUPER АНА» отбасылық спорттық ойын-сауық сайысында бақ сынады

Астанадағы №67 «Шұғыла» балабақшасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «SUPER ӘКЕ & SUPER АНА» атты отбасылық спорттық ойын-сауық сайысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сайыс барысында ата-аналар мен балалар «Жылдам балапан» эстафетасына қатысып, ұйымшылдықтарын көрсетті. Ал «Асық PARTY» кезеңінде ұлттық ойын арқылы мергендік пен шапшаңдықтарын сынға салды. Сонымен қатар «SUPER АНА – Оқтау тартыс» және «SUPER ӘКЕ – Бұқа тартыс» сайыстары ұйымдастырылып, ата-аналардың белсенділігі мен тапқырлығы көпшілік назарына ұсынылды.

Мерекелік бағдарлама көңілді ойындармен, ән-бимен жалғасты.

Іс-шара соңында қатысушы отбасылар «Ең ұйымшыл отбасы», «Ең белсенді әке», «Ең мейірімді ана», «Ең көңілді отбасы» сынды номинациялар бойынша марапатталып, оларға грамоталар, медальдар мен тәтті сыйлықтар табысталды.

«Бүгін, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, балабақшамызда «SUPER ӘКЕ & SUPER АНА» отбасылық спорттық сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау. Аталған сайыс Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Бүгін ата-аналар балаларымен бірге түрлі қызықты эстафеталар мен жарыстарға қатысып, өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетті.

Осындай мерекелік шаралар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, отбасы мүшелерінің бірлігін арттыруға ықпал етеді. Бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалардың күлкісі әрдайым шаттыққа толы болсын!» – деді «Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі Әсел Махметова.

Балаларды қорғау күніне арналған бұл сайыс отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балаларға жарқын эмоция мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button