Демалыс күндері ара райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астанаға арналған ауа райы болжамы
13 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 17-19 градус жылы.
14-15 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
13 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 17-19 градус жылы.
14 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.
15 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 градус жылы.