Мәселе
-
Астанадағы миграция: болжам мен шешім
Астанаға өңірлерден көшіп келушілердің саны тез өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) жариялаған ресми дерекке сүйенсек, 2025 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша елорда халқының саны 1612512 адамды құраған. «Астананың халқы шектеусіз өсе бере ме?» деген сауал билік тізгінін ұстағандарды ғана емес, бас қалада тұратын кез келген адамды ойландыратыны анық. Өйткені Астанаға өңірлерден көшіп келушілердің саны тез өсу үстінде. Ұлттық статистика…
Жалғасын оқу -
Кино тілін шұбарлауға тоқтам бола ма?
Кино – адамзат өркениетіндегі ұлы өнер. Ал өнер – халықты ізгілікке, мәдениетке, әдепке тәрбиелейтін құрал. Оны ұлттық идеология тетігі ретінде де қарастырамыз. Бүгінгі кейбір қазақ кинолары сол тәрбие құралы болудан қалды. Себебі қаптаған жекелеген кино түсірушілер мемлекеттік тіл саясатына қарсы келетін дүниелерімен кинозалдарды толтырып, тілі шұбар, боқауыз сөздері бораған туындысымақтарымен өскелең ұрпақтың туған тілі мен қазақы дүниетанымын байытуға кері әсер…
Жалғасын оқу -
Тыйым салынған темекі неге азаймайды?
Электронды темекі қайдан шықты дерсің. 2004 жылы Қытайдың Хон Лик есімді фармацевті осы дүниені сатылымға шығарған екен. Содан бері нарықтан түскен емес. Вейптің жаңа түрі шықса тұтынушылардың «алақайлап» қуанып, пайдаланғанша асыққан кездерін көрдік. Біздің жастар өзгенің қаңсығын таңсық қылып алған сыңайлы. Елімізде 2024 жылдың 20 маусымынан бастап вейп саудасына тыйым салынды. Бұл хабарды естігенде жастар қауымының ұнжырғасы түсті. Қолжетімді бағада…
Жалғасын оқу -
Жасанды интеллект және авторлық құқық
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» Заңға қол қойды. Жасанды интеллект (ЖИ) өміріміздің барлық саласына дендеп еніп келеді. Алайда ЖИ-ді қолданудың шекарасы қай жерге дейін баруы мүмкін және бұл жерде адамзат баласы үшін қандай қауіп бар? Өйткен себебі жаһандық ғалымдар жасанды интеллектіні бақылаусыз қолдануға қатысты алаңдаушылықтарын ашық айта бастады. Расында да, қазір ЖИ-ге Эрнест Хемингуэйдің стилінде жаңа роман…
Жалғасын оқу -
«Азулылар» жетегінде кетпе!
Өзіме де обал жоқ. Қиылып сұрап, «келіңіз «акциямен» бетіңізді әрлеп, әжімдеріңізді жұқартып, реңіңізді келістіріп береміз» деген соң құлай кеткенмін ғой. Әдемі болғанды кім жек көрсін әрі бар-жоғы білінбейтін азғантай ақшаға айдай сұлу етеміз дегеніне балаша сенгенім. Сонымен, сұлулық салонына келдім. Қарсы алдымнан жүгіріп шыққан көздері қиылған әп-әдемі қыздардың бірі шай ұсынып, екіншісі қолыма май жағып жұмсартып, аяғымызға массаж жасайтын аппаратын…
Жалғасын оқу -
Ұсақталып барамыз ба?
Қазір әлеуметтік желілерге көз салсаңыз, ұлт тағдырына, елдік мәселеге немесе қоғамдағы өзекті тақырыптарға арналған салмақты мақалалар мен сұхбаттар көпшіліктің назарын аудара бермейді. Ал бір әнші ажырасыпты, пәленшенің тоқалы бар екен, түгеншенің көңілдесі туралы айтылыпты деген тәрізді өсек пен төсектің әңгімесі болса, әп-сәтте жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған қаралым жинайды. Мәселен, «Ара медиа» арнасы ұсынған «Егемендік декларациясынан тіл туралы бап қалай түсіп…
Жалғасын оқу -
Атыңды түзе, алты Алаш!
Айналамызда пайғамбарлардың есімін алып, шайтанның ісін жасап жүретін адамдар аз емес. «Жомарт» деген ат қойғанмен, өзі сараң қаншама адам бар. Сондықтан әр адам өз атына сай болуы тиіс. Өйткені әр нәрсенің өз есімі бар және ол соған лайық болуы керек. Тіпті адам денесіндегі мүшелердің де әрқайсысының өз қызметін білдіретін атауы бар емес пе?! Мысалы, «асқазан» дейміз, одан «ас», «қазан» сияқты…
Жалғасын оқу -
Балалар неге қатыгез?
Соңғы кезде әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының, тіпті соның ішінде қыз балалардың бір-бірімен төбелесіп жатқан видеолары тарауда. Мұндай көріністерді көрген жұрт жағасын ұстап, «бұл не деген көргенсіздік!» деп таңғалса, енді бірі бәрі ата-ананың тәрбиесінен, бақылаусыз қалған баладан дейді, тағы бірі «санасына бермеген баладан сақта» деп қоғамның рухани ахуалына алаңдаушылық білдіріп, желідегі жұрт желіндегі сүт ірігендей дүрлігісіп-ақ қалады. Ашық ақпарат көздерінің дерегіне…
Жалғасын оқу -
МӘМС-тің мәселесі неде?
Сөз мемлекет тарапынан қаржыландырылатын тегін медициналық көмек және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша азаматтарға көрсетілетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді жүйелі түрде қолдан шектеу туралы болып отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шындығында халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен оның сапасын жақсарту мақсатында енгізілгені белгілі. Десе де денсаулық сақтау қызметінің құны соңғы үш жылда 2,8 есеге өскен. Ал азаматтардың ай сайынғы тұрақты жарналарына қарамастан,…
Жалғасын оқу -
Түтінге тұншыққан ғұмыр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша қазіргі уақытта әлемде шамамен 100 миллион адам, оның ішінде 15 миллион жасөспірім электронды темекі шегеді. Яғни әлемде шылым шегушілер азайды дегенімізбен, керісінше жасөспірімдер арасында электронды темекіге құмарлық артқан. Қазір дүние жүзінде 13 пен 15 жас аралығындағы 15 миллионнан астам бала электронды темекіге әуес. Бұл – ересектермен салыстырғанда тоғыз есе жоғары көрсеткіш. Дүниежүзілік денсаулық сақтау…
Жалғасын оқу