Қоғам

Бір шаңырақ астында

Елордалық №14 «Ақбөпе» балабақшасында Қазақстан халқының бірлігі күні мен Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бір шаңырақ астында» фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен татулығын дәріптеу, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыруға арналды. Фестивальге балабақшаның өзге ұлт өкілдерінің ата-аналары мен балалары белсене қатысты. Қатысушылар өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ата-бабаларынан қалған дәстүрлер мен мәдениетін көрсетті. Беларусь, корей, шешен, татар сынды ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, салт-дәстүрлерін таныстырды.

«Біздің балабақшада көптеген ұлт өкілінің балалары тәрбиеленіп жатыр. Барлық ата-анамен тығыз достық қарым-қатынас орнатылған. Біз ортақ мекенде өмір сүріп жатқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл іс-шара соның бір жарқын көрінісі деп ойлаймын», – деді балабақша меңгерушісі Қарлығаш Зейнешқызы.

Фестиваль барысында қатысушылар қазақ халқының кең пейілділігі мен ынтымағын жоғары бағалап, алғысын жеткізді. Барлық этнос ұлттық әндерді бірге орындап, «Қара жорға» биін биледі. Іс-шара соңында әр топ түрлі номинациялар, естелік сыйлықтар мен құрмет грамоталарына ие болды. Бұл игі іс-шара Қазақстан халқының бірлігін нығайтып, әр жүректе жылы сезім мен татулыққа деген құрмет ұялатты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button