Аударыспақтан қазақстандық үш спортшы финалға өтті
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан жарыс өтіп жатыр. Этноауылда өтіп жатқан дүбірлі доданы көруге жиналғандардың қарасы көп, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Аударыспақ ойындарына 9 елден 64 ойыншы қатысуда. Оның қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия және Венгрия бар.
«Түстен кейін өтетін ақтық сынға Қазақстаннан үш спортшы жолдама алды. Олар – Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі) және Дарын Өткелбай (80 келі). Жалпы аударыспақ бойынша қазақ және қырғыз командасы мықты саналады», — деді аударыспақ спортынан Қазақстан құрамасының бас баспкері Жанбатыр Бимұсаев.
Айта кетейік, бүгін 9 қыркүйек күні Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы спортшылар 7 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.