Елорда тынысы
Астаналық спортшы қола жүлдеге ие болды
Елордада өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан ел намысын қорғаған Астана қаласының спортшысы Ерсұлтан Әуелбай жекелей сында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Осы байрақты бәсекеде қола жүлде бұйырғанына өте қуаныштымын. Алдағы уақытта тағы да еңбек етемін. Бұл спорт түрімен 11 жылдан бері айналысып келемін», — деді Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама мүшесі Ерсұлтан Әуелбай.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, Көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында Қырғызстан болса, Ресей және Моңғолия үздік үштікті түйіндеді.