Әлеумет

Астанада мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1, 2 және 3 мамыр күндері елордада мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен т.б. тауарларды сатып ала алады.

Іс-шара 1, 2 және 3 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button