Әлеумет

Қазақстанда «е-Ымдау» ым-ишараттық тілінің бейне сөздігі іске қосылды

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі – «е-Ымдау» ым-ишараттық тілінің бейне сөздігі ресми түрде қолданысқа енгізілді. Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ ғылыми-әдістемелік кеңесі мен Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің қолдауымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жаңа цифрлық ресурс есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің білім алуына, қарым-қатынас жасауына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. «е-Ымдау» бейне сөздігінің ерекшелігі – сөздер мен ұғымдарды ым-ишараттар арқылы көрнекі түрде ұсынатын интерактивті деректер базасына негізделуі.

Автоматтандырылған іздеу жүйесінің көмегімен пайдаланушылар қажетті сөзді жылдам тауып, оның дұрыс ым-ишараттық нұсқасымен таныса алады. Бейне сөздік қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оны App Store қосымшасы арқылы жүктеуге немесе Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайты арқылы онлайн форматта пайдалануға болады.

«е-Ымдау» сөздігі 21 лексикалық тақырыпты қамтиды. «е-Ымдау» бейне сөздігі есту қабілеті бұзылған азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуге, ым-ишараттық тілді үйренуді жеңілдетуге және инклюзивті білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Жобаның іске қосылуы ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтардың сапалы білім алуына және қоғам өміріне толыққанды қатысуына қосымша мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button