Ел тынысы
«Көкмайса — даланың тірі тарихы» этномәдени фестивалі өтеді

Ұлытау облысында «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында биыл 27 маусымда өтетін фестивальдің бағдарламасында:
▪️ Этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер
▪️ Қымызмұрындық рәсімі
▪️ Ұлттық спорт ойындары
▪️ Қолөнер көрмелері
▪️ 500 бие сауылатын тарихи көрініс
▪️ Танымал өнер жұлдыздарының концерті ұйымдастырылады.
«Көкмайса» — қазақ даласының рухын сезінетін, дәстүр мен мәдениет тоғысқан ерекше фестиваль!
Келіңіздер! Ұлт рухын бірге ұлықтайық!



