Құқық

«Тоғыз тағдыр: өмірді айқындайтын таңдау» профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды

Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Тоғыз тағдыр: өмірді айқындайтын таңдау» атты профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, онда балалар мен жасөспірімдер түсірген «Тоғыз тағдыр» әлеуметтік сериалының көрсетілімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

​Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелерді талқылау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында қауіпсіздік пен жауапкершілік мәдениетін дамыту.

​Іс-шараға прокуратура органдарының өкілдері, Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, депутаттар, психологтар, ата-аналар мен оқушылар қатысты. ​Кездесу барысында буллинг, сталкинг, жасөспірімдер агрессиясы, кәмелетке толмағандарды есірткі таратуға тарту, интернет-алаяқтық, дропперлік, психологиялық қысым, балалардың үйден кетуі, сондай-ақ ойланбай жасалған әрекеттер мен құқық бұзушылықтардың салдары тақырыптарына арналған әлеуметтік сериалдың тоғыз қысқаметражды бөлімі ұсынылды.

​Әрбір тақырыптық бөлімнен кейін шақырылған сарапшылардың қатысуымен ашық пікірталастар ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайы, суицидтік мінез-құлықты�

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button