Мәслихат

Депутаттар тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты

2026 жылы Астана қаласында 17 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жоспарға ішкі инженерлік жүйелерді ауыстыру, шатырларды жаңарту, қасбеттерді жөндеу және лифт жабдықтарын жаңғырту жұмыстары кіреді. Осы ретте Астана қалалық мәслихатының депутаттары «Өркен қала» ЖШС-не барып, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қыркүйек айына дейін 10 тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстарын аяқтап, 59 лифтіні ауыстыру жоспарланып отыр. Қалған жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады.

Кездесу барысында бағдарламаны іске асыру қарқыны, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Әсіресе ескі тұрғын үй қорындағы лифт шаруашылығын жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Бұл тек үйлердің сыртқы келбетін жақсарту ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін, сенімділігін және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button