Құқық

Прокурорлар мектепте сот отырысы үлгісін өткізді

Нұра ауданы прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында №90 мектеп-гимназиясының «Болашақ прокурорлар клубы» қатысушыларының қатысуымен сот отырыстарын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабына сәйкес оқушыларға мектеп жарғысын сақтау міндеті ескертіледі.

Сонымен қатар буллинг, ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті бопсалау, сондай-ақ мектеп аумағына тыйым салынған заттарды, оның ішінде пневматикалық қаруды және айналадағыларға қауіп төндіретін өзге де заттарды алып кіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгені түсіндірілді.

Аталған іс-шаралар барысында оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымындағы мінез-құлық нормаларын сақтау қажеттілігі еске салынды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button