Әлеумет

Байқауға қатысыңыз!

Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өткізетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды.

Өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады. Байқау екі кезеңде өтеді: аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін); облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін). «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірінен үздік деп танылған 20 отбасына беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімін өңірлік комиссияларға жібере алады. Толық ақпаратты +7 (7172) 74-10-52, 74-01-62 телефондары арқылы алуға болады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button