Құқық

Пойызға ішімдік ішіп мінетіндер арасында 200-ден астам құқықбұзушылық анықталды

Жыл басынан бері 200-ден астам құқық бұзушы азамат жолаушылар пойызынан түсірілген. Бұл туралы astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нақтырақ айтқанда, көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарында жасалған 255 құқық бұзушылықты анықтады. Статистикаға сәйкес, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынумен байланысты болған.

Сонымен қатар 17 ұсақ бұзақылық фактісі және өзге де құқық бұзушылықтар анықталды. Мәселен, Бейнеу станциясында көлік полицейлері Маңғыстау – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан пойыз бастығының актісімен Қызылорда облысының 35 және 44 жастағы екі тұрғынын түсіріп алды. Аталған азаматтар вагонда алкогольдік ішімдік ішіп, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған және өзге жолаушыларға қолайсыздық туғызған.

Құқық бұзушылар қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінің бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Көліктегі ПД азаматтарды айналасындағыларға құрметпен қарап, сапар барысында тәртіпті сақтауға шақырады. Ведомство өкілдері алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну көбіне құқыққа қайшы әрекеттерге себеп болып, жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін еске салады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button